Жаңалықтар

26 қараша 2013
Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті

 

Отырыста Төтенше жағдайлар министрінің, ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының, Алматы облысы мен Батыс Қазақстан облысы әкімдерінің мемлекеттік рәміздерді пайдалану саласындағы қызмет, сондай-ақ орын алған кемшіліктерді жою шаралары туралы есептері тыңдалды.

Комиссия мүшелеріне Қазақстанның бірқатар облыстарындағы мемлекеттік  органдар мен ұйымдардың мемлекеттік рәміздерді пайдалану стандарттарын сақтауы бойынша жүргізілген мониторинг нәтижелері ұсынылды. Тексеру нәтижесі мемлекеттік ту, елтаңба және әнұранды орналастыру мен ауыстыру ережелерінің бұзылуы, сондай-ақ орнатылған мемлекеттік рәміздердің техникалық және басқа да талаптарға сай келмеуі фактілерін анықтап берді.

Талқылау қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар әзірленіп, нақты тапсырмалар берілді.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге оқиғалар
Барлық оқиғалар