Жаңалықтар

19 қыркүйек 2013
Бүгін Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан – 2050» Стратегиясы» Жолдауын іске асыру аясында тақырыптық зерттеулер ұйымдастыру жөніндегі Ведомствоаралық жұмыс тобының екінші отырысын өткізді

 

Бұдан бұрын 2013 жылғы сәуір айында өткен отырыстан кейінгі кезеңде бірқатар іс-шаралар іске асырылды.

Біріншіден, ғылыми және консалтингтік зерттеулерге арналған мемлекеттік тапсырыс негізге алынған Президент Әкімшілігінің Тақырыптық жоспары қабылданды.

Екіншіден, Үкімет зерттеу жүйесінің ашықтығы мен тиімділігін арттыру, оның ішінде мемлекеттік емес талдамалық құрылымдарды тарту  шараларын қабылдады. 

Үшіншіден, сарапшыларды қолдау жұмыстары кеңейтілді. БАҚ-пен жұмыс жасау үшін сарапшылар тобы құрылды. Өңірлерде зерттеу және диссертациялық жоспарларды түзету үшін өңірлік семинарлар жоспарланды.

Осылайша, кеңесте «Қазақстан – 2050» Стратегиясының 100 жаңа термині» атты жаңа саяси терминология сөздігінің жобасы талқыланды. Сөздікте «Қазақстан – 2050» Стратегиясында келтірілген терминдер мен ұғымдарға толық түсініктеме беріледі. Бұл соңғы 15 жылдағы алғашқы ірі терминологиялық басылым болмақ.

Кеңес аясында құрамына елорданың жетекші ғалымдары кіретін Астана клубын құру мәселесі де талқыланды.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге оқиғалар
Барлық оқиғалар