Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

1 қараша 2013
Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин АҚШ-тың Қазақстандағы Уақытша сенімді өкілі Джон Ордвейді қабылдады

 

Джон Ордвейге өз ілтипатын білдіре отырып, ҚР Мемлекеттік хатшысы М.Тәжин екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті тереңдетудің  маңыздылығын атап өтті. 

Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстан-АҚШ қарым-қатынасының дамуының жай-күйі мен перспективаларын, соның ішінде стратегиялық серіктестік, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық, мәдениет және білім салалары бойынша кең ауқымды мәселелерді талқылады.

1993 жылдан бері АҚШ-тың Қазақстан экономикасына салған инвестиция көлемі – 24 млрд. доллар. Қазақстанда экономиканың жетекші салаларында 300-ден астам бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді.

Джон Ордвей 2004-2008 жылдары Құрама Штаттардың Қазақстандағы Елшісі болды, ал 2011 жылы елімізде АҚШ-тың  Қазақстандағы Уақытша сенімді өкілі болып қызмет атқарды.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге оқиғалар
Барлық оқиғалар