Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

14 желтоқсан 2015
Елбасы 2015 жылғы әл-Фараби атындағы Ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлық лауреаттарын марапаттау рәсіміне қатысты

 

Рәсім барысында Мемлекет басшысы лауреаттарды іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер саласындағы зор табыстары үшін, түбегейлі жаңа өнімдер мен технологиялар жасап, оларды экономикалық және әлеуметтік тиімділікті қамтамасыз ететін түрлі салаларға енгізу бағытындағы ғылыми-технологиялық және инновациялық қызметтерінің мойындалған нәтижелері үшін  марапаттады.

Қатысушыларға арналған сөзінде Қазақстан Президенті елімізде индустриялық-инновациялық дамуға айрықша көңіл бөлініп отырғанын, оған отандық ғалымдардың зор үлес қосып жатқанын атап өтті.

Олардың еңбегінің мойындалуының белгісі әл-Фараби атындағы Ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлық болып саналады. Қызметтің бұл түрі қазіргі уақытта аса маңызды болып отыр. Ғылым мен техника ойлау көкжиегін ұлғайтып, адам мүмкіндіктерін кеңейтеді. Сондықтан бізде озық экономиканың негізін қалайтын жаңа әзірленімдердің жүзеге асырылуы өте маңызды. Назарбаев Университеті мен Алматыдағы «Алатау» инновациялық технологиялар паркінде ашылған орталықтар даму және ел ғылымын коммерцияландыру, стартаптарды жүзеге асыру, үздік зертханаларды әкеліп орналастыру орнына айналуда. Ғылымға жастар ұмтылған кезде мүмкіндіктер мен еңбекақы да жақсара түскеніне қуандым. Осының бәрі жақсы көрсеткіш, ғылымдағы жаңа ілгерілеудің бастауы болып саналады, – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев биыл ғылым мен техника саласындағы сыйлықтар алты ғылыми-зерттеу ұжымына және бір авторлық зерттеу жұмысына берілгеніне назар аударды.

Біз плазма физикасы саласындағы іргелі зерттеулерді көріп отырмыз. Ғарыштық ғылым мен экономика саласында үлкен жұмыстар атқарылды. Түсті металлургияда инновациялық өнеркәсіптік әзірленімдер жүзеге асырылды. Бекіре шаруашылығының инфрақұрылымын қалыптастыру ісі мойындалды. Буындарды эндопротездейтін озық медициналық технологияларды әзірлеудің баға жетпес маңызы бар. Қазақстанның көмірсутек әлеуетін ғылыми негіздеумен байланысты жұмыс та экономиканың дамуына өз үлесін қосты, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы әрбір жетістік қажырлы еңбек, талмайтын ізденіс және зерттеушілік талантпен байланысып жатқанын айтты.

Отандық ғалымдардың шетелдік ғылыми журналдардағы жарияланымдары айтарлықтай көбеюі елдің ғылымына зор көңіл, тың серпін беріліп отырғанын байқатады. Бұл жас ғалымдарға үлгі болып, қай бағытта жұмыс істеу қажеттігі жөнінде бағдар береді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекеттік сыйлықпен марапатталған лауреаттар Қазақстан Президентіне ғылыми қызметті жүзеге асыруға жан-жақты жағдай жасалғаны үшін алғыс айтып, отандық ғылымды одан әрі дамытуға қолдарынан келгенше үлес қосуға әзір екендерін атап өтті.

***

Екі жылда бір рет тағайындалатын әл-Фараби атындағы Ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлық ғылым мен техника қайраткерлерінің қоғам мен мемлекет алдындағы еңбегін жоғары бағалаудың көрінісі болып саналады. 2015 жылғы әрбір мемлекеттік сыйлықтың көлемі 18 600 000 теңге болады.

Биыл сыйлыққа үміткер ретінде 26 ғылыми жұмыс келіп түсті. Комиссия мұқият өткізген үш сатылы сарапшылық талдау мен кең ауқымды қоғамдық талқылау нәтижесінде 7 жұмысты ұсынды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 125 Жарлығымен Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы Ғылым мен техника саласындағы 2015 жылғы мемлекеттік сыйлығы:

1) «Плазманың кванттық және коллективтік қасиеттері: жаңа технологиялардың теориялық негіздері» тақырыбындағы жұмыстар циклі үшін:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Эксперименттік және теориялық физика ғылыми-зерттеу институтының жетекші ғылыми қызметкері, физика-математика ғылымдарының кандидаты – Маратбек Төлепбергенұлы Ғабдуллинге;

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Эксперименттік және теориялық физика ғылыми-зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор – Қарлығаш Нұрманқызы Жұмағұловаға;

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Эксперименттік және теориялық физика ғылыми-зерттеу институтының жетекші ғылыми қызметкері, физика-математика ғылымдарының кандидаты – Мерлан Қылышұлы Досболаевқа;

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Эксперименттік және теориялық физика ғылыми-зерттеу институтының жетекші ғылыми қызметкері, физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент – Сандуғаш Құлмағамбетқызы Қодановаға;

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Эксперименттік және теориялық физика ғылыми-зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі – Төлеген Әбдісағиұлы Қожамқұловқа;

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Эксперименттік және теориялық физика ғылыми-зерттеу институтының бас ғылыми  қызметкері, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор – Тілекқабыл Сәбитұлы Рамазановқа;

2) «Қазақстан Республикасының ғарыш саласын қалыптастыру үшін ғарыш ғылымының әдістері мен технологияларын дамыту» тақырыбындағы  жұмыстар циклі үшін:

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитетінің төрағасы, техника ғылымдарының докторы, профессор – Талғат Амангелдіұлы Мұсабаевқа;

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі – Мейірбек Молдабековке;

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитеті «Ұлттық ғарыштық зерттеулер және технологиялар орталығы» акционерлік қоғамының «Ғарыштық техника және технологиялар институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, техника ғылымдарының докторы – Дәулет Шафиғоллаұлы Ахмедовке;

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитеті «Ұлттық ғарыштық зерттеулер және технологиялар орталығы» акционерлік қоғамының «В.Г. Фесенков атындағы астрофизика институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ядролық астрофизика секторының меңгерушісі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор – Сергей Борисович Дубовиченкоға;

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитеті «Ұлттық ғарыштық зерттеулер және технологиялар орталығы» акционерлік қоғамының президенті, физика-математика ғылымдарының докторы – Жұмабек Шабденалыұлы Жантаевқа;

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитеті «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» акционерлік қоғамының Геоақпараттық модельдеу департаментінің директоры, техника ғылымдарының докторы – Арыстан Фазылұлы Мұхамедғалиевке;

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитеті «Ұлттық ғарыштық зерттеулер және технологиялар орталығы» акционерлік қоғамының «В.Г. Фесенков атындағы астрофизика институты» перспективті астрофизикалық зерттеулер бөлімінің бастығы, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор – Леонид Михайлович Чечинге;

«Қазгеоғарыш» акционерлік қоғамы президентінің кеңесшісі, техника ғылымдарының докторы, профессор – Едіге Асқарұлы Зәкаринге;

3) «Әлемдік технология нарығында Қазақстанның мәртебесін көтерген және еліміздің инновациялық дамуына елеулі үлес қосқан алтын мен қорғасын металлургиясы облысында жасалған әзірлемелерді өндірісте іске асыру» тақырыбындағы жұмыстар циклі үшін:

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі – Әбдірәсіл Алдашұлы Жәрменовке;

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті «Қазақстан Республикасының минералды шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының зертхана меңгерушісі, химия ғылымдарының кандидаты – Людмила Сергеевна Болотоваға;

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті «Қазақстан Республикасының минералды шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының зертхана меңгерушісі, техника ғылымдарының докторы, профессор – Сағынтай Исабаевқа;

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті «Қазақстан Республикасының минералды шикізатты кешенді қайта өңдеу                          жөніндегі ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының жетекші ғылыми  қызметкері, техника ғылымдарының кандидаты, доцент – Қанат Күзгібековаға;

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті «Қазақстан Республикасының минералды шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының директоры – Игорь Владимирович Старцевқа;

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті «Қазақстан Республикасының минералды шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының бас ғылыми қызметкері, техника ғылымдарының кандидаты, Халықаралық минералдық ресурстар академиясының академигі – Николай Николаевич Ушаковқа;

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті «Қазақстан Республикасының минералды шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының директоры, химия ғылымдарының кандидаты, доцент, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі – Серікбол Тілеулесұлы Шалғымбаевқа;

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті «Қазақстан Республикасының минералды шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы директорының орынбасары, техника ғылымдарының кандидаты – Виктор Александрович Шумскийге;

4) «Қазақстанда бекіре шаруашылығының ғылыми-техникалық негіздерін қалыптастыру және инфрақұрылымын жасау» тақырыбындағы жұмыстар циклі үшін:

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ректоры, биология ғылымдарының кандидаты – Нұрлан Хабиболлаұлы Серғалиевке;

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы «Парасат» ғылыми-технологиялық орталығы» акционерлік қоғамының ғылыми консультанты, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі – Нұралы Сұлтанұлы Бектұрғановқа;

«Ordabassy group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Қадағалау кеңесінің төрағасы, техника ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлер академиясының академигі – Дінмұхамет Аппазұлы Ыдырысовқа;

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы «Парасат» ғылыми-технологиялық орталығы» акционерлік қоғамының Технологияларды коммерцияландыру орталығының директоры – Александр Викторович Кимге;

«Биология моря» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры – Серік Рақышжанұлы Темірхановқа;

5) «Таңдамалы шығармалар» (10 томдық) тақырыбындағы жұмыстар циклі үшін:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті «Экономика институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Әлеуметтік өңдеу және адами капиталды дамыту орталығының бас ғылыми қызметкері, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі – Аманжол Қошанұлы Қошановқа;

6) «Ұршық буынының хирургиясында эндопротездеуді қолдану арқылы инновациялық технологияларды әзірлеу және енгізу» тақырыбындағы жұмысы үшін:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі «Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор – Нұрлан Жұмағұлұлы Батпеновке;

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі «Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының № 3 ортопедия бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты – Қайрат Жалдыбайұлы Әшімовке;

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі «Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директорының клиникалық жұмыс жөніндегі орынбасары, медицина ғылымдарының докторы, доцент – Шалғынбай Әбжанұлы Баймағамбетовке;

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі «Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының № 4 ортопедия бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты – Алексей Александрович Белокобыловқа;

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі «Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, медицина ғылымдарының кандидаты, доцент – Қуаныш Төлеуұлы Оспановқа;

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі «Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының № 5 ортопедия бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты – Ерік Қанатұлы Раймағамбетовке;

7) «Қазақстан Республикасы көмірсутегі әлеуетін ғылыми негіздеу» тақырыбындағы жұмыстар циклі үшін:

«АкАй Консалтинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директорының орынбасары, геология-минералогия ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасының Минералдық ресурстар академиясының академигі  – Орал Ақшолақовқа;

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы мұнай және газ геологиясы кафедрасының меңгерушісі, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық минералдық ресурстар академиясының академигі – Герой Жолтаевқа;

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамының бас директоры, геология-минералогия ғылымдарының кандидаты – Құрманғазы Орынғазыұлы Есқазиевке;

«Геокен» ғылыми өнеркәсіптік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының бірінші орынбасары, геология-минералогия ғылымдарының кандидаты – Петр Николаевич Коврижныхқа;

«Меридиан Петролеум» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің президенті, геология-минералогия ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасының Минералдық ресурстар академиясының академигі – Балтабек Мұқанұлы Қуандықовқа;

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы «ҚазМұнайГаз» өндіру және бұрғылау технологиялары ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директорының игеру және бұрғылау жөніндегі орынбасары, техника ғылымдарының докторы – Евгений Кипониевич Огайға берілді.

 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге оқиғалар
Барлық оқиғалар