National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Шәмші Қалдаяқовтың 85 жылдығына арналған «Менің Қазақстаным» атты VI халықаралық ән фестивалінің жеңімпаздарын марапаттау салтанатына қатысты

2015 жылғы 27 қазан

 

Қазақтың ән өнерін кеңінен таныту және қолдау мақсатына арналған фестивальге Қазақстан эстрада шеберлері, сондай-ақ «қазақ вальсінің королі» Шәмші Қалдаяқов әндерінің бай мұрасын репертуарына енгізген дарынды жастар қатысты.

Көпшілікке арнаған сөзінде Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіқалықова Шәмші Қалдаяқовтың қазақ мәдениеті мен өнерін дамытуға қосқан ерекше үлесіне Қазақстан Президенті тәуелсіздік жылдары үш бірдей Жарлығы арқылы жоғары баға бергенін атап айтты.

Атап айтқанда, 1991 жылы Ш.Қалдаяқов «Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағын иеленсе, 2006 жылы оның әйгілі «Менің Қазақстаным» әні еліміздің мемлекеттік әнұранына айналды, ал 2010 жылы авторға ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағы берілді.

Г.Әбдіқалықова Ш.Қалдаяқов атындағы халықаралық ән фестивалі лауреаттарының ЭКСПО-2017 ұлттық жобасын іске асыру аясында бүкілқазақстандық мәдениеттің таныстырылымы шарасына қатысатынын атап өтті.

Биыл еліміздің барлық өңірінде фестивальдің іріктеу турлары өтті. Бас жүлде үшін 33 қатысушы сайысқа түсті. Фестивальдің бас жүлдесін иеленген Ұлпан Әбдікәрімоваға 1 000 000 теңге ақшалай сыйлық тапсырылды.

Фестивальдің гала-концертіне Қазақстан сахна өнерінің шеберлері – ҚР халық әртісі Н.Нүсіпжанов, республиканың еңбек сіңірген әртістері М.Ілиясова, М.Мұхамедқызы, еліміздің еңбек сіңірген қайраткерлері Х.Шалабаева, А.Жылтыркөзов, халықаралық конкурстардың лауреаттары М.Арапбаева, О.Алтынбеков, Б.Исаев, С.Байжұманова, А.Кішкенбаев және Шәмші Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным-2014» халықаралық ән фестивалінің бас жүлдегері Қ.Айбек қатысты.

         


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің