Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

4 наурыз 2014
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия отырысы

 

Ақордада Президент Әкімшілігінің Басшысы Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен Ұлттық комиссия отырысында «А» корпусының кадр резервіне іріктеу тетіктерін жетілдіру мәселелері қаралды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «А» корпусының лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары қайта қаралды, тест тапсырмалары лауазымдарға байланысты дифференцияланды.

Қазіргі уақытта қосымша қажеттіліктің бар екендігін ескере отырып, Ұлттық комиссия «А» корпусының резервіне тағы 100 адамды іріктеуден өткізу жөнінде шешім қабылдады.

Іріктеу туралы тиісті хабарландыру келесі аптада бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге оқиғалар
Барлық оқиғалар