National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның қорытынды отырысы өтті

2016 жылғы 21 қазан

Отандық шығармашыл зиялы қауым өкілдерінен құрылған комиссия мүшелері Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлының іріктеліп алынған шығармалардың үш ай мерзім ішіндегі талқылану барысы жөніндегі ақпаратын тыңдап, еркін пікір алмасты.

Елбасы қарауына ұсынылатын 2016 жылғы Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығы лауреаттығына үміткерлерді комиссия жасырын дауыс беру арқылы анықтады. Мемлекеттік сыйлық лауреаттарын марапаттау рәсімі дәстүр бойынша Тәуелсіздік күні қарсаңында өтеді.

Әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлық әдебиет пен өнер қайраткерлерінің қоғам мен мемлекет алдындағы еңбегін жоғары бағалау болып саналады. Бұл сыйлық Қазақстан Республикасы азаматтарына отандық мәдениетті дамытуға қосылған қомақты үлес ретінде танылған аса үздік шығармалар үшін беріледі.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің