National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Ғылым мен техника саласындағы әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның отырысы өтті

2015 жылғы 02 қазан

 

Гүлшара Әбдіқалықова ұзақмерзімді «Қазақстан-2050» стратегиясы мен Бес институционалдық реформаны одан әрі іске асыру ісінде экономикалық өсу мен адами капиталдың дамуын қамтамасыз ететін елдің маңызды стратегиялық ресурсы ретінде ғылымның рөлі ерекше атап өтті.

– Бұл реформалар білімге негізделген ұлттық экономиканы қалыптастыруға бағытталған. Сондықтан ғылыми қызметтің беделін арттыру, сондай-ақ ғалымдарды үздік ғылыми зерттеулерге ынталандыру, инновацияларды енгізу мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының Ғылым мен техника саласындағы әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлығы тағайындалды, – деді Мемлекеттік хатшы.

Сыйлыққа үміткер ретінде экономиканың түрлі салаларында жаңа өнім мен технологияларды жасап шығару жөнінен мойындалған ғылыми-техникалық, технологиялық және инновациялық қызмет нәтижелері ұсынылды.

3 маусымда комиссияның  алғашқы отырысы өтіп, онда 26 жұмыс қаралды, соның 9-ы одан әрі конкурсқа қатысу үшін ұсынылды.

Алдын ала іріктеуден өткен жұмыстардың тізбесі «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланды. Екі ай ішінде оларды көпшілікпен талқылау жөніндегі іс-шаралар жүргізілді.

Отырыс қорытындысы бойынша Комиссия Елбасыға ұсынылатын үміткерлерді анықтады.

Қазақстан Республикасының Ғылым мен техника саласындағы әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлығының лауреаттарын марапаттау Тәуелсіздік  күні қарсаңында өткізіледі. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің