Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

19 мамыр 2016
Елбасы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевті қабылдады

 

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Ұлттық банктің 2015 жылғы есебін тыңдады.

Нұрсұлтан Назарбаев инфляция үдерістерін жыл аяғына дейін тұрақтандыру, ұлттық валютаның айырбас бағамының күрт ауытқуына жол бермеу және екінші деңгейлі банктердің экономиканы несиелендіруін қамтамасыз ету қажеттігін айтты.

Д.Ақышев өткен жылдың Қазақстан экономикасы үшін оңай болмағанын, соған байланысты ақша-несие саясаты түбегейлі өзгертілгенін атап өтті. Бұл ретте 2016 жылы валюта, ақша және жалпы қаржы нарығында тұрақтану нышаны байқалып отыр. Ұлтты банк төрағасы орта мерзімді кезеңде ел тұрғындары мен кәсіпорындары үшін оң нәтижелер, соның ішінде несиелеудің жандануы күтіліп отырғанына назар аударды.

Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді. 


Барлық жаңалықтар
 
Другие события рубрики Акорда
Все события рубрики Акорда