Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

16 маусым 2016
Қазақстан Президенті «Ресей темір жолдары» ААҚ президенті Олег Белозеровпен кездесті
Ресей Федерациясы, Санкт-Петербург қаласы

Кездесу барысында көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері, сондай-ақ екі елдің көлік әлеуетін іске асырудың перспективалы бағыттары талқыланды. 

Нұрсұлтан Назарбаев теміржол компаниясымен ынтымақтастықтың табыстылығына назар аударып, осы саладағы серіктестікті инновациялық технологияларды енгізу және тасымалдар тиімділігін арттыру арқылы одан әрі дамыту қажеттігін айтты.

О.Белозеров Қазақстан тарапымен өзара іс-қимыл деңгейінің жоғары екенін атап өтіп, таяу кезеңге арналған жұмыс жоспарлары жөнінде әңгімеледі.


Барлық жаңалықтар
 
Другие события рубрики Акорда
Все события рубрики Акорда