Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

1 шілде 2016
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова «Ашық есік күндері» мерекелік онкүндігінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты

 

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Астана күнін мерекелеу аясында өткен іс-шараға сондай-ақ Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, қоғам қайраткерлері, мәдениет, білім және өнер өкілдері, елорда тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Г.Әбдіқалықова құттықтау сөзінде Астананың Қазақстан Тәуелсіздігінің нышаны екенін, ол еліміздің барлық жетістіктері мен жеңістері тиесілі Елбасы есімімен ажырағысыз ұғым ретінде қатар айтылатынын атап өтті.

Шара аясында Мемлекеттік хатшы Астана күніне арналған көрмелермен танысты. Соның бірі – Қазақстан Президентінің жасампаз қызметі мен жаңа елорданың құрылу тарихы туралы архив құжаттары ұсынылған «Елбасы әлемі: Тұлға. Саясаткер. Жасампаз» мұрағат құжаттары фотодеректерінің көрмесі.

Аталған көрме өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік құндылықтарын дамытуға, азаматтық жауапкершілікті және отансүйгіштік сананы қалыптастыруға бағытталған. Көрме авторлары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентін елдің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық өміріндегі ілгері өзгерістердің бастаушысы және көшбасшысы ретінде сипаттайтын шынайы тарихи құжаттарға басты назар аударған. Экспозицияда Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының қалыптасуының басты кезеңдері және Елбасының әлемдік деңгейдегі кемеңгер саясаткер ретіндегі рөлі жан-жақты көрсетіледі.

«Естелікке қолтаңба» көрмесі келушілерге шет мемлекеттер басшыларының, танымал тұлғалардың Елбасыға сыйға тартқан бірегей суреттерімен таныстырады. Экспозицияда 40-қа жуық ерекше фотоқұжаттар ұсынылған, оның ішінде АҚШ президенті Б.Клинтонның (1993-2001), Филиппин президенті Г.М.Арройоның (2001-2010), аса көрнекті жазушы Ш.Айтматовтың қолтаңбалары жазылған суреттер бар.

«Астананың болашағы – балалардың көзімен» суреттер көрмесінде елдің, қаланың және ұлттық мәдениеттің тарихына арналған балалардың жұмыстары қойылған. Жас астаналықтар өздерінің суреттерінде Астана мен Қазақстанның жарқын келешегі туралы армандарын, туған қаласына деген мақтаныш сезімдерін, туған жеріне құрметі мен сүйіспеншілігін жеткізеді.

«Еуразия жүрегінде» атты фотокөрмеде Қазақстан Республикасы Журналистері одағының мүшесі Александр Пархоменконың Астананың көрнекі жерлеріне арналған 60 фотосуреті ұсынылды. Танымал фотосуретші өнерсүйер қауым үшін дәріс оқып, 15 жыл бойғы Елбасының Павлодар облысына жасаған сапарларының суреттері бар дискіні Елбасы кітапханасына сыйға тартты.

«Абыройы асқақтаған Астана» атты кітап көрмесінде елорданың өткенінен бүгініне дейін сыр шертетін қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі 50-ден астам туынды ұсынылды.


Барлық жаңалықтар
 
Другие события рубрики Акорда
Все события рубрики Акорда