Жаңалықтар

30 қаңтар 2013
Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі Сергей Шойгуді қабылдады

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Ресейдің көптеген қызмет саласындағы, соның ішінде әскери және әскери-техникалық салалардағы ынтымақтастығын нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Ресейдің көптеген қызмет саласындағы, соның ішінде әскери және әскери-техникалық салалардағы ынтымақтастығын нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

- Ресей біздің еліміздің ең маңызды стратегиялық серіктесінің бірі болған, болып келді, бола береді және мен бұл жайт екі мемлекетті дамыту мүддесіне сай келеді деп санаймын. Біздің елдеріміздің қорғаныс ведомстволары өте тығыз байланыста болып, ҰҚШҰ аясында, әскери-техника саласында, сондай-ақ ынтымақтастықтың өзге де маңызды салаларында өзара белсенді іс-қимыл жүргізуі қажет. Ресей Федерациясының Президентімен соңғы кездесуде біз осы бағыттағы жұмысты жалғастыруға келістік, - деді Қазақстан Президенті.

Өз кезегінде С.Шойгу Қазақстанға жасаған сапары барысында ҰҚШҰ қызметінің, әскери-техникалық ынтымақтастықтың перспективаларына, сондай-ақ оқыту және білім беру бағдарламаларын одан әрі дамытуға қатысты кең ауқымдағы кешенді мәселелер қаралғанын атап өтті.

- Әуе шабуылына қарсы қорғаныстың бірлескен жобасы туралы келісімге қол қою жөніндегі алты жылға созылған ауқымды жұмыстың аяқталуы маңызды кезең болып саналады. Біз оны бүгінде өзекті деп санаймыз және біздің алдымызда әуе шабуылына қарсы қорғаныстың бірыңғай кеңістігін құру жөнінде үлкен істер тұр. Біз стратегиялық серіктес, көрші болып келдік және болып қала береміз. Елдеріміздің Президенттері алдымызға мемлекеттеріміздің қорғанысы мен қауіпсіздігінің барлық жүйесін жетілдіру жөнінде салмақты міндеттер қойды. Қазақстан Президентімен кездесуде ынтымақтастығымыздың бұдан арғы жоспарлары толық қолдау тапты, - деді Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі.

Кездесуде екі мемлекеттің шекараларын қорғау деңгейін арттыру, сондай-ақ, өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер талқыланды. 

Бүгінде Қазақстан мен Ресей арасында әскери және әскери-техикалық ынтымақтастықтың әртүрлі бағыттары бойынша 60-тан астам құжатқа қол қойылған.                     


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кездесулер мен қабылдаулар
Барлық кездесулер мен қабылдаулар