Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

27 қараша 2013
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Әбдішевті қабылдады

Б.Әбдішев өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, сондай-ақ Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндады.

 

Б.Әбдішев өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, сондай-ақ Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндады.

Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік және салалық бағдарламаларды тиімді іске асырудың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, Қазақстан Президенті өңірдің экономикасының өсімін, тұрғындарының жұмыспен қамтылуын және халықтың өмір сүру деңгейін арттыруды қамтамасыз ету қажеттігін атап көрсетті.

Қарағанды облысының әкімі әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық көрсеткіші оң қарқын алып отырғанын мәлімдеді. Жалпы өңірлік өнім 2,6 трлн. теңге, өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1,4 трлн. теңге болды.

Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.     


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кездесулер мен қабылдаулар
Барлық кездесулер мен қабылдаулар