Жаңалықтар

25 қаңтар 2013
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның облыс әкімдерімен бірқатар кездесу өткізді

 

Атырау облысының әкімі Б.Ізмұхамбетов Мемлекет басшысына 2012 жылы өңірде атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Жоспарланған, атап айтқанда, әлеуметтік мәселелерді шешуге және индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында жаңа нысандарды іске асыруға бағытталған іс-шаралар туралы әңгімеледі.

Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев Қазақстан Президентін өзі басқаратын өңірдің индустриялық әлеуеті мен агроөнеркәсіп кешенін дамыту шаралары жөнінде хабардар етті.

Павлодар облысының әкімі Е.Арын Нұрсұлтан Назарбаевқа өңірді одан әрі дамыту жөніндегі тапсырмаларды орындаудың  қорытындысы туралы мәлімдеді. Сонымен қатар, ол көктемгі су тасқынының алдын алу үшін қабылданған шаралар туралы баяндады.

Кездесу барысында Ақтөбе облысының әкімі А.Мұхамбетов Мемлекет басшысына өңірдің 2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары мен индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын іске асыру барысы туралы баяндады.

Қостанай облысының әкімі Н.Сәдуақасов Қазақстан Президентіне өңірдегі жылу беру маусымының барысы, тариф саясаты мәселесі, сондай-ақ өңірдің ірі кәсіпорындарының келешегі бар жобаларды іске асыруы туралы мәлімдеді.

Батыс Қазақстан облысының әкімі Н.Ноғаев Мемлекет басшысына өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығы саласындағы жобаларды іске асыру жөніндегі тапсырмалардың орындалу барысы туралы мәлімет берді.

Ақмола облысының әкімі Қ.Айтмұхаметов Мемлекет басшысына өңірдегі ахуал туралы баяндады, сондай-ақ су тасқынының алдын алу үшін жүргізілген жұмыстар, көктемгі егіс жұмыстарына дайындық, өңірдің туристік әлеуетін дамыту жоспарлары туралы әңгімеледі.

Нұрсұлтан Назарбаев Маңғыстау облысының әкімі А.Айдарбаевтың назарын халықты ауыз сумен қамту, сондай-ақ Ақтау теңіз портын дамыту және арнайы экономикалық аймақ құру тәрізді өңірдегі маңызды мәселелердің шешімін табуы қажеттігіне аударды.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі С.Ескендіров Мемлекет басшысына өңірдің қазіргі дамуы мен алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттері туралы баяндады.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті облыс басшыларына республиканың барлық өңірінде жұмыспен қамтуды, халықтың әл-ауқатын арттыруды қамтамасыз ету жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді, сондай-ақ еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде алға қойылған барлық мақсаттар мен міндеттерді сапалы іске асыру қажеттігін атап өтті.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кездесулер мен қабылдаулар
Барлық кездесулер мен қабылдаулар