Жаңалықтар

28 қараша 2013
БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі, БҰҰ-ның Ауғанстанға көмек көрсету жөніндегі миссиясының басшысы Ян Кубишпен кездесу

Кездесу барысында Қазақстан мен БҰҰ ынтымақтастығының негізгі бағыттары талқыланды. Атап айтқанда, өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тетіктері, сондай-ақ Ауғанстан экономикасын қалпына келтіру мәселесі қаралды.

Мемлекет басшысы елдің дамуына, соның ішінде ауған студенттерін оқытуға бағытталған түрлі жобаларды іске асыру арқылы Ауғанстанға Қазақстанның көмек көрсетуді жалғастыруға дайын екенін атап өтті.

Я.Кубиш Нұрсұлтан Назарбаевты келесі жылғы сәуірде өтуге тиіс президенттік сайлауға Ауғанстанның дайындығы барысы туралы хабардар етті, сондай-ақ БҰҰ-ның елдегі ахуалды тұрақтандыру бағытында күш-жігер жұмсап отырғаны туралы да айтты.   

Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кездесулер мен қабылдаулар
Барлық кездесулер мен қабылдаулар