Жаңалықтар

28 қараша 2013
Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаевпен кездесу

Е.Досаев министрліктің биылғы 10 айдағы қызметі қорытындылары және Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндады.

 

Е.Досаев министрліктің биылғы 10 айдағы қызметі қорытындылары және Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндады. Ол аталған кезеңде еліміздің жалпы ішкі өнімінің өсімі 5,8 % болғанын, ал жыл қорытындысында болжамды 6 %-дық көрсеткішке қол жеткізу күтіліп отырғанын атап өтті.

Қазақстан Президенті ел экономикасын одан әрі дамытуды қамтамасыз ету, әлеуметтік жаңғырту жүргізу, сондай-ақ шағын және орта бизнеске қолдау көрсету қажеттігін атап көрсетті.

Министр мемлекеттік және салалалық бағдарламаларға, олардың қайталануын жоюға және тиімділігін арттыруға бағытталған тексерісті аяқтау қорытындылары жөнінде ведомство жоспарлаған шаралар туралы да айтты.

Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы қаралған мәселелерге қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кездесулер мен қабылдаулар
Барлық кездесулер мен қабылдаулар