Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

28 мамыр 2019
Елбасы Армения Республикасының Премьер-Министрі Никол Пашинянмен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев мәртебелі мейманға қошемет білдіріп, екі жақты сауда-экономикалық қатынастарды дамытудың және нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

– Қазақстан мен Армения арасында әрдайым жақсы қарым-қатынас болды. Қазақстандағы армян диаспорасы елдеріміздің қарым-қатынасына дәнекер болып отыр, – деді Елбасы.

Никол Пашинян Қазақстанның Тұңғыш Президентінің мемлекетаралық байланыстарды және құрлықтағы интеграциялық үдерістерді дамыту ісіне ерекше үлес қосқанын атап өтті.

Арменияның Премьер-Министрі екі жақты экономикалық ынтымақтастықтың одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

– Экономика саласында жұмыс істеуге мүмкіндігіміз бар деп ойлаймын. Ең бастысы, екі ел үкіметтерінде қарым-қатынасымызды дамытуға деген саяси ерік-жігер бар. Біздің халықтарымыз тарихи тұрғыдан өзара байланысқан, – деді Н.Пашинян.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Баспасөз қызметі


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кездесулер мен қабылдаулар
Барлық кездесулер мен қабылдаулар