National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Елбасы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан Маямеровпен кездесті

2014 жылғы 25 шілде

 

Кездесу барысында еліміздің рухани өміріндегі өзекті мәселелер талқыланды. Мемлекет басшысы Қазақстанда діни ахуалдың тұрақты екенін, түрлі конфессия өкілдері татулық пен келісім жағдайында өмір сүріп жатқандығын атап өтті.

Сонымен қатар, кездесуде діни білім беру мәселесі қозғалды. Нұрсұлтан Назарбаев жастарға рухани-өнегелі тәрбие берудің маңыздылығына, сондай-ақ бұл салаға мейлінше мұқият талдау жүргізу қажеттігіне тоқталды.  

Е.Маямеров Мемлекет басшысына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қазіргі жұмысы жөнінде баяндады.  

Соңында Қазақстан Президенті еліміздің барша мұсылман қауымын алда келе жатқан Ораза айт мейрамымен құттықтады. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің