Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

18 қыркүйек 2014
Елбасы Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаевты қабылдады

Кездесу барысында К.Көкірекбаев Мемлекет басшысына Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері мен өңірді дамытудың алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы баяндады.

 

Кездесу барысында К.Көкірекбаев Мемлекет басшысына Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері мен өңірді дамытудың алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы баяндады.

Мемлекет басшысы өңірдің жылу беру маусымына дайындығын қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды. Сондай-ақ ауыл шаруашылығында ылғал сақтау технологияларын дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев облыста мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында жүзеге асырылатын индустриялық жобаларға айрықша назар аударды. 

Кездесудің қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы нақты тапсырмалар берді. 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кездесулер мен қабылдаулар
Барлық кездесулер мен қабылдаулар