Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

29 наурыз 2019
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады

Кездесу барысында Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық серіктестігі мен одақтастығының қарқынды дамып келе жатқанына тоқталып, Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің екі ел халықтарының арасындағы достық байланыстарды дамыту ісіне қосқан үлесін атап өтті.

Алексей Бородавкин Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кірісуіне байланысты Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің құттықтауын жеткізіп, мемлекетаралық жемісті ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға күш салатынын айтты.

Сонымен қатар, тараптар Қазақстан Президентінің Ресей Федерациясына алдағы ресми сапарының күн тәртібін талқылады.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кездесулер мен қабылдаулар
Барлық кездесулер мен қабылдаулар