Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

8 мамыр 2014
Қазақстан Президенті АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Уильям Бёрнспен кездесті

 

Кездесу барысында екіжақты қарым-қатынастың, соның ішінде сауда-экономика және инвестиция саласындағы байланыстардың негізгі бағыттары қарастырылды. Бұдан бөлек, Қазақстанның алдағы Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне қатысты негізгі мәселелер талқыланды. Тараптар Украина мен Ауғанстандағы жағдайға қоса, халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты. 

Мемлекет басшысы Қазақстанның Құрама Штаттармен екіжақты қарым-қатынасты белсене дамытуға әзір екенін айтты.

– Таяуда мен Гаагада АҚШ Президентімен кездестім. Біз елдеріміз арасындағы қарым-қатынасты дамыту мәселелерін, сондай-ақ әлемде бүгінгі таңда қалыптасып отырған ахуалды егжей-тегжейлі талқыладық. Оған қоса, бірлескен мәлімдеме қабылдадық. Екіжақты ынтымақтастықты жоғары деңгейде бұдан әрі де жалғастыру қажет, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.    

У.Бёрнс Мемлекет басшысына АҚШ Президенті Барак Обаманың жылы лебізін жеткізіп, АҚШ-тың Қазақстанмен стратегиялық серіктестікке деген ұзақмерзімді айнымас ұстанымын атап өтті.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кездесулер мен қабылдаулар
Барлық кездесулер мен қабылдаулар