Жаңалықтар

27 мамыр 2019
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевты қабылдады

Мемлекет басшысына Қызылорда облысын 2022 жылға дейін кешенді дамыту жоспарының негізгі қол жеткізілген көрсеткіштері туралы есеп берілді. Сондай-ақ, әкім Қазақстан Президентінің өңірге жұмыс сапары барысында берілген тапсырмаларының орындалуы барысы туралы баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаев облыс халқының әл-ауқатын арттыруға және өңірдің экологиялық мәселелерін шешуге бағытталған тиімді шаралар қабылдаудың маңыздылығын айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті Қ.Көшербаевқа бірқатар нақты тапсырмалар берді. 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кездесулер мен қабылдаулар
Барлық кездесулер мен қабылдаулар