Жаңалықтар

28 наурыз 2019
Қазақстан Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады

Мемлекет басшысына валюта-қаржы нарығындағы қазіргі ахуал мен еліміздің қаржы секторын несиелеу және сауықтыру үшін жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде баяндалды. Сонымен қатар, Ұлттық банк төрағасы Қазақстан Президентіне ұлттық валютаның өзгеруіне әсер етуші факторлар туралы мәлімет берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк тарапынан бұл салаға тиісті бақылау жүргізудің қажеттігін айтты.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кездесулер мен қабылдаулар
Барлық кездесулер мен қабылдаулар