Жаңалықтар

28 наурыз 2019
Қазақстан Президенті Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовті қабылдады

Мемлекет басшысына өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы және Қазақстан халқына арналған қазіргі Жолдауда, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде айтылған Елбасы тапсырмаларының орындалу нәтижелері туралы есеп берілді.

Қазақстан Президенті мемлекеттік бағдарламаларды уақтылы және тиімді жүзеге асырудың, сондай-ақ халыққа әлеуметтік тұрғыдан қолдау көрсету жөніндегі шараларды атқарудың маңыздылығын айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар нақты тапсырма берді.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кездесулер мен қабылдаулар
Барлық кездесулер мен қабылдаулар