Жаңалықтар

27 наурыз 2019
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяомен кездесті

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанына тоқталып, екі ел халықтарының игілігі жолындағы байланыстардың одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

Төтенше және өкілетті елші Чжан Сяо Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кірісуіне байланысты Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің құттықтауын жеткізіп, достық пен стратегиялық серіктестік рухындағы екі жақты ынтымақтастықты дамыта түсуге күш салатынын айтты.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кездесулер мен қабылдаулар
Барлық кездесулер мен қабылдаулар