Жаңалықтар

23 сәуір 2013
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Рашид Түсіпбековті қабылдады

 

Р.Түсіпбеков Мемлекет басшысына сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы күресті күшейту жөнінде Агенттік қабылдаған шаралар туралы баяндады.

Бұдан басқа, ол қаржы полициясы органдарының жедел-қызмет жұмысының нәтижелері және резонансты қылмыстық істердің тергелу барысы туралы хабардар етті.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті Агенттік алдына бірқатар міндеттер қойды және нақты тапсырмалар берді.  


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кездесулер мен қабылдаулар
Барлық кездесулер мен қабылдаулар