National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Пәкістан Ислам Республикасының Премьер-Министрі Наваз Шарифпен кездесті

2017 жылғы 08 маусым

Нұрсұлтан Назарбаев Пәкістанның Премьер-Министрімен кездесу барысында оған Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне және «Астана ЭКСПО-2017» дүние жүзілік көрмесінің ашылуына келгені үшін алғыс айтты.

– Сіздің ЭКСПО-ның ашылуына және ШЫҰ-ның ертеңгі саммитіне қатысуға келгеніңіз үшін ризамын. Пәкістанды ұйымға мүше ретінде қабылдау үдерісі 12 жыл бұрын дәл осы жерде басталған, ертең аяқталады, – деді Қазақстан Президенті.  

Нұрсұлтан Назарбаев мемлекетаралық кооперацияны жолға қоюдың және Қазақстан мен Пәкістан арасындағы екіжақты қатынастарды одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.  

Н.Шариф Астананың көркейе түскеніне назар аударып, Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның жаңа астанасын салудағы рөліне тоқталды.

– Сіз Астананың құрылысына қатысты теңдессіз әрі таңғаларлық жұмыс атқардыңыз. Мен Қазақстан астанасындағы өзгерістерге қайран қалып отырмын. Сіздің көзқарасыңыз бен көшбасшылығыңыз осы қаланың және  бүкіл еліңіздің гүлденуіне қол жеткізді, – деді Пәкістанның Премьер-Министрі.

Кездесу соңында екіжақты байланыстардың өзекті мәселелері талқыланды.

 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің