National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Америка Құрама Штаттарына сапар қорытындысына арналған жұмыс бабындағы кеңес

2015 жылғы 02 қазан

 

Кеңеске Премьер-Министр К.Мәсімов, Президент Әкімшілігінің басшысы Н.Нығматулин, сондай-ақ Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты.

Кеңес барысында Қазақстан Президенті АҚШ-қа сапар айтарлықтай нәтижелі болғанын атап өтті.

Біз үш бірдей ірі шараға – жалпы дебатқа және екі саммитке қатыстық. Сондай-ақ көптеген кездесу өткіздік, солардың маңыздылары АҚШ Президентімен және Американың ірі компанияларының басшыларымен келіссөздер болды, – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев біздің республикамыз ұсынған бастамалар халықаралық қоғамдастық тарапынан жоғары баға алғанын, енді оларды жүзеге асыру үшін өзге елдермен бірлесе жұмыс жүргізу қажеттігін айтты.

Соңында Мемлекет басшысы Президент Әкімшілігіне, Үкіметке және Сыртқы істер министрлігіне бірқатар нақты тапсырма берді. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің