National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Арқанкерген» шекара бекетінде болған оқиғаға байланысты құқық қорғау органдарының басшыларымен кеңес өткізді.

2012 жылғы 01 маусым

Кеңесте Мемлекет басшысы мынадай мәлімдеме жасады:

- Біздің еліміздің шығыс аймағындағы шекарасында Алматы облысының «Арқанкерген» шекара бекетінде қайғылы оқиға болды. Ондағы төтенше жағдайдың салдарынан 15 адам - 14 шекарашы, бір қорықшы қаза тапты.

Мен бұл оқиғаны террористік акті деп есептеймін. Бұл ішкі қақтығыстың нәтижесінде болуы мүмкін. Бірақ бұл туралы айтуға әлі ерте. Қазіргі белгілі мәліметтер бойынша шекарашылардың казармасы мен офицерлер тұратын үй өртенген, қаза болғандардың мәйіті сол өртенген үйлердің астынан табылды. Мұндай оқиғалар бейбітшілік жағдайында болудың мән-жайы неде екенін біз әлі тексеретін боламыз.

Қазіргі уақытта менің тапсырмам бойынша мәселенің анық-қанығын тергеу үшін арнайы комиссия құрылды. Төтенше оқиғаға байланысты Бас әскери прокуратура қылмыстық іс қозғады. Орталық және жергілікті құқық қорғау органдары мән-жайды анықтау және болжанған қылмыскерлерді ұстау үшін барлық қажетті жұмыстарды жүргізуде. Тергеу жұмыстарына Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Бас прокуратураның білікті мамандары тартылды. Қазір бұл комиссия жергілікті жерде тиісті тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Мен болған оқиғаның мән-жайы мен себептерін жете зерттеуге тапсырма бердім. Одан кейін тиісті шара қолданылатын болады. Үкіметке қаза болғандардың жанұясына көмектесуге, басқа да барлық жағдайларды жасауға арнайы тапсырма бердім.

Мен бүгін қаза тапқандардың туған-туысқандары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің