National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Елбасы «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады

2015 жылғы 02 қазан

 

Кездесуге сондай-ақ KCA International компаниясының басшысы Хуан Чю және «Сембол Констракшн» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Ф.Таминдже қатысты.

А.Есімов Мемлекет басшысына көрме нысандарындағы құрылыс жұмыстарының барысы және оны ілгерілету шаралары туралы, сондай-ақ «ЭКСПО-2017» аумағы мен павильондарын көрмеден кейін пайдалану мәселелері жөнінде баяндады.

KCA International компаниясының басшысы Қазақстан Президентін ЭКСПО-2017 көрмесінің басты нысаны – Сфераның ішін жабдықтау тұжырымдамасымен таныстырды.

– Сәулет және дизайн тұрғысынан, сондай-ақ нысанды жасау барысында қолданылатын технологиялары жағынан Сфера айшықты ғимарат болады. Біз оны Париждің Эйфель мұнарасы немесе Сидней опера театры сияқты әлемге әйгілі брендке айналдыруды жоспарлап отырмыз, – деді Хуан Чю.

Осыған байланысты Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық көрменің ең негізгі мақсатының бірі жаңа энергетикамен таныстыру мүмкіндігі екеніне тоқтала келіп, бұл идея Қазақстанның павильонында кеңінен көрініс табуы тиістігін айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің