Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

23 сәуір 2013
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин Қазақстан халқы ассамблеясы кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысты

 

 

Отырыс аясында Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Отырысқа Президент Әкімшілігінің басшылығы, Парламент депутаттары, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері, бірқатар министрліктер мен ведомстволардың, этномәдени бірлестіктердің, аймақтық ассамблея хатшылықтарының басшылары, сондай-ақ ғылыми, шығармашыл зиялы қауымның және БАҚ өкілдері қатысты.  

Мемлекеттік хатшы Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген Қазақстан халқы ассамблеясының 2020 жылға дейінгі даму тұжырымдамасын жүзеге асырудың негізгі бағыттарын белгіледі. М.Тәжин Мемлекеттік этносаясатты ақпараттық-насихаттық, талдамалық және ғылыми сүйемелдеу саласындағы тұжырымдаманы жүзеге асыру жөніндегі 2013-2014 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын орындау жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Сондай-ақ, отырыс барысында Қазақстан халқы ассамблеясының, этномәдени бірлестіктер қызметтерінің қорытындысы қаралды. Батыс Қазақстан облысының әкімі Н.Ноғаев, ҚР ІІМ бірінші орынбасары М.Демеуов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан кәрістері қауымдастығының төрағасы Р.Ким, Қазақстан немістері қоғамдық бірлестіктері «Возрождение» қауымдастығының төрағасы А.Дедерер баяндама жасады.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кеңестер мен отырыстар
Барлық кеңестер мен отырыстар