Жаңалықтар

29 маусым 2016
Мемлекет басшысы «АЗИЯ АВТО Қазақстан» акционерлік қоғамында болды
Өскемен қаласы

 

Нұрсұлтан Назарбаев толық циклды режим бойынша автомобиль шығаратын кәсіпорын мен автоқұрамдауыштар өндіретін технопарк қуатын біріктіретін автоөнеркәсіп кластерін құру жөніндегі инвестициялық жобаның жүзеге асырылу барысымен танысты.

Қазақстан Президентіне технологиялық цикл, өндірістік және инвестициялық көрсеткіштер, сондай-ақ жобаны жүзеге асыру кестесі жөнінде баяндалды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы кәсіпорын жұмысшыларымен әңгімелесіп, зауыттың табысты дамуына және бәсекеге қабілеттілігінің жоғары болуына тілектестік білдірді.

***

Заманауи аавтоөндірісті жолға қою бағытында «АЗИЯ АВТО Қазақстан» АҚ жүзеге асырып жатқан жоба жылына 120 мың автомобиль шығаруға лайықталған. Жоба арқылы Қазақстанның ішкі нарығындағы сұранысты қамтамасыз етіп, өнімді таяу елдерге де экспорттау көзделіп отыр. 


Барлық жаңалықтар
 
Другие события рубрики Акорда
Все события рубрики Акорда