Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

17 маусым 2016
Мемлекет басшысы «Эксон Мобил» корпорациясы Директорлар кеңесінің төрағасы Рекс Тиллерсонмен кездесті
Ресей Федерациясы, Санкт-Петербург қаласы

Кездесу барысында Қазақстанның мұнай-газ саласын дамытуға компанияның қатысуы жөніндегі мәселелер, сондай-ақ бірқатар инвестициялық жобалардың іске асырылу барысы талқыланды.

Мемлекет басшысы бірлесіп жүргізген жұмыстар кезеңінде қол жеткізілген табысты ынтымақтастыққа назар аударды.

Р.Тиллерсон Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтап, осы жылдары еліміздің зор жетістіктерге қол жеткізгенін атап өтті.

Сондай-ақ «Эксон Мобил» корпорациясы Директорлар кеңесінің төрағасы елімізбен серіктестік қарым-қатынастардың одан әрі дами беретініне сенім білдірді.


Барлық жаңалықтар
 
Другие события рубрики Акорда
Все события рубрики Акорда