Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

21 маусым 2016
Мемлекет басшысы Президент Әкімшілігінің басшылық құрамымен кездесті

 

Кездесу барысында Қазақстан Президенті Президент Әкімшілігінің басшысы қызметінде атқарған жұмысы үшін Н.Нығматулинге алғыс айтты және алдағы парламенттік қызметіне табыс тіледі.

– Соңғы екі жылда елде жоғары деңгейде ұйымдастырылған президент және парламент сайлаулары оң бағаға ие болып, халқымыздың ауызбіршілігін көрсете білді. Н.Нығматулин ұзақ жылдар бойы менімен бірге жұмыс істеп келеді. Ол істі білетіндігі және кәсібилігі арқылы барлық салада қойылған міндеттерді шеше білді, – деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев кездесуге қатысушыларға Президент Әкімшілігінің жаңа басшысы Ә.Жақсыбековты таныстырды.

– Ол бұған дейін де осы қызметте болып, әр түрлі лауазымдарды атқарды. Бұл бағытта орындалып жатқан міндеттерге байыптылықпен қарайтын тәжірибелі адам қажет, – деді Қазақстан Президенті.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы тапсырмалардың орындалуына тиімді бақылау жүргізудің маңыздылығын айта келе, Президент Әкімшілігі жұмысының басымдығы бар бағыттарын атап өтті.


Барлық жаңалықтар
 
Другие события рубрики Акорда
Все события рубрики Акорда