Жаңалықтар

29 маусым 2016
Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы болды

 

Отырыста мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы Мемлекеттік комиссия мүшелерін Үкімет қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының іске асырылу барысы туралы хабардар етті.

Ақпарат және коммуникациялар министрі Д.Абаев мерейтойлық шараларды ақпараттық-имидждік сүйемелдеу туралы, білім және ғылым вице-министрі Б.Асылова мерейтойды мерекелеуге жастар мен жастар ұйымдарын тарту жөнінде баяндады. Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары М.Тоғжанов өңірде Тәуелсіздіктің 25 жылдығын мерекелеуді ұйымдастыру ісі туралы айтып өтті.

Бұдан бөлек, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған іс-шараларды өткізу бойынша мемлекеттік органдардың жұмысын өзара үйлестіру мен ықпалдастықтың негізгі мәселелері жөнінде пікір алмасылды.

Мемлекеттік хатшы отырыс қорытындысы бойынша жоспарланған іс-шараларды сапалы және мерзімінде іске асыру қажеттігін атап өтіп, жұмысты әрі қарай ұйымдастыру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.


Барлық жаңалықтар
 
Другие события рубрики Акорда
Все события рубрики Акорда