Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

19 мамыр 2016
Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Президент жанындағы Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

 

Отырыста Қазақстан азаматтығын алу жөніндегі мәселелер қаралды.

Мемлекеттік хатшы тәуелсіздік жылдары 965 мыңнан астам адам азаматтық алғанын және бұл еліміз Мемлекет басшысының басшылығымен қол жеткізген табыстардың айшықты айғағы екенін атап өтті.

Г.Әбдіқалықова қазақстандықтардың өз қатары толыққанына қуанатынын айтып, азаматтық алғандар еліміздің одан әрі дамуына үлес қосатынына сенім білдірді.

Мемлекет басшысы тиісті жарлыққа қол қойған соң алыс және таяу шет елдерден келген түрлі ұлттың 819 өкілі Қазақстан азаматы атанатын болады.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша тиісті шешімдер мен ұсынымдар қабылданды.


Барлық жаңалықтар
 
Другие события рубрики Акорда
Все события рубрики Акорда