Мемлекет басшысы жеделхатта бұл табыс Малайзия халқының Н.Разакқа және ол басшылық жасайтын партияға көрсеткен жоғары сенімінің айғағы болып саналатынын атап өткен.
«Достық пен өзара сенімге негізделген екіжақты қарым-қатынастардың дамуын оң бағалай келе, оның одан әрі нығая беретіндігіне кәміл сенемін»,- делінген жеделхатта.
Нұрсұлтан Назарбаев екі ел арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған ортақ іс-қимылды талқылау үшін Н.Разакпен диалогты жалғастыру ниетін білдірген.
Соңында Қазақстан Президенті Малайзия Премьер-Министріне зор денсаулық, қызметте табыс, ал достас Малайзия халқына бейбітшілік және бақ-береке тіледі.