National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Елбасы мемлекет және қоғам қайраткері, Ұлттық ғылым академиясының академигі Қилыбай Медеубековтің қайтыс болуына байланысты марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады

2015 жылғы 03 мамыр

 

Жеделхатта қазақ ғылымының көрнекті өкілі Қ.Медеубековтің Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы, Ленин атындағы Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының (ВАСХНИЛ) вице-президенті, оның Шығыс бөлімшесі төралқасының төрағасы, білікті ғалым ретінде еліміздің өркендеуіне зор үлес қосқаны атап өтілген.

«Қилыбай Үсенұлы ауыл шаруашылығы саласына арнап көптеген мамандар мен ғалым шәкірттер даярлап, өзіндік мектебін қалыптастырды. Оның маңызды ғылыми еңбектері және жолын жалғастырушы ізбасарлары алдағы уақытта да ел игілігіне қызмет ете береді деп сенемін», – делінген жеделхатта.

Қазақстан Президенті республикамыздың дамуына көп еңбек сіңіріп, ғылымда айрықша із қалдырған Қ.Медеубековтің жарқын бейнесі халқымыздың жадында әрдайым сақталатынын айтты. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің