Жаңалықтар

13 қаңтар 2016
Елбасы Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоғанға Стамбул қаласында болған террорлық актіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

 

Қазақстан Президенті жарылыс туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағанын атап өткен.

«Бүгінде терроризм бүкіл адамзатқа үлкен қатер төндіріп отыр. Бұл зұлымдықты тек күш-жігер жұмылдыру арқылы ғана жеңуге болады. Қазақстан бейбіт өмір мен елдеріміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін заманауи сын-қатерлерге қарсы күрес жолында Түркиямен тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға дайын», – делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев қаза болғандардың туыстарына Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айтты, сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді. 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар
Барлық баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар