Жаңалықтар

4 мамыр 2014
Елбасының атына Астана қаласындағы №2 мектеп-гимназия оқушысы Александр Влизькодан хат келді

 

Өз хатын қазақ тілінде жазған 6 «Г» сынып оқушысы А.Влизько елорданы Астанаға көшіргені үшін Мемлекет басшысына алғысын білдіріп, соның арқасында көптеген оқу орындары ашылғанын, онда түрлі ұлттардың өкілдері оқитынын айтқан.

Автор өз хатын  кең байтақ қазақ даласының миллиондаған қазақстандық балаларының атынан жазып отырғанын  атап өткен.

«Рас, менің тегім сәл басқа.  Мен украин ұлтының өкілімін. Бірақ мен өзімді бала күнімнен  қазақпын деп сезінемін. Қазақпын деп есептеймін. Себебі мен бірлігі мен татулығы, достығы мен туыстығы жарасқан Қазақстанда өсіп келемін», - дейді А.Влизько. 

Ол Қазақстанның болашағынан сенетінін, осы ел үшін қызмет етуге дайын екенін жеткізген.

«Бұл жер – менің әкемнің кіндік қаны тамған мекен. Бұл жер – менің анамның өмірге келген қонысы. Менің сүйегім де, етім де қазақ. Мен Қазақ жерінде туғанымды мақтаныш етемін», - делінген хатта.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар
Барлық баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар