National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойылуына байланысты хаттар мен жеделхаттар

2014 жылғы 08 шілде

 

Мемлекет басшысы атына Астанада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мемлекет басшылары деңгейіндегі отырысының өтуіне және Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойылуына байланысты үн қосқан лебіздер мен құттықтаулар толассыз келіп түсуде.  

Белгілі кеңестік және ресейлік мемлекет қайраткері Е.Лигачев өз хатында шартқа қол қоюдың маңыздылығына тоқталған.
 
«Бұл жаңа тарихтың соңғы жиырма жылдығындағы айтулы оқиға екені күмәнсіз. Біздің елдеріміздің халқы өз тұрмыстары мен болашағына деген қамқорлықты айқын сезіне бастады», – деп жазады автор.

Батыс Қазақстан облысының бірқатар ұйымдарының басшылары – «Зерде-Память» ҚҚ төрағасы Қ.Төлебаев, Орыс мәдениеті орталығының төрағасы С.Погодин, «Грамада» белорусь этномәдени бірлестігінің төрағасы М.Беляев және «Информбиржа news» газетінің шеф-редакторы С.Кульпин де Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қоюға қатысты өз қолдауларын білдірген.

«Шартқа қол қою барлық мәселелерді табысты шешудің сенімді әрі жарқын мысалы болды, оған қатысушыларды бірігуге деген шынайы тілек, жан-жақты халықтық қолдау алға жетелейді. Қабылданған тұтас бір дәуір құжатының өміршеңдігіне жұрт толық сенеді», – дейді хат иелері.

Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың қабылдануына байланысты құттықтаулар Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің, Чернобыль АЭС-індегі апатты жоюшылардың қоғамдық ұйымдары өкілдерінен және өзге де бірлестіктерден келді.

«Біз еуразиялық ықпалдастық идеясын толық қолдаймыз, ол жаһандану заманында халықтарымыздың игілігіне қызмет етеді және әлемдік нарықта табысты бәсекеге түсуге мүмкіндік береді, – делінген жеделхатта.

Музыкатанушы, журналист Л.Мұхамеджанова өз жеделхатында Мемлекет басшысына қажырлы еңбегі мен елге және бүкіл Қазақстан халқына адал қызметі үшін алғысын білдірген, ал Алматы облысының тұрғыны С.Мұхаметрахимов Қазақстан Президентінің еуразиялық ықпалдастықты дамыту үдерісіндегі айрықша рөлін атап өткен.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің