Жаңалықтар

12 қазан 2015
Қазақстан Президенті көрнекті заңгер, мемлекет және қоғам қайраткері Мақсұт Нәрікбаевтың қайтыс болуына байланысты туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады

 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев М.Нәрікбаевтың ұзаққа созылған ауыр науқастан қайтыс болуына байланысты ауыр қайғыға ортақтасып, көңіл айтты.

Жеделхатта Мақсұт Сұлтанұлының білікті заңгер және іскер ұйымдастырушы ретінде танылғаны атап өтілген. Бас прокурор, Жоғарғы соттың төрағасы, Мемлекеттік заң академиясының ректоры қызметтерін атқарған М.Нәрікбаев Қазақстанда құқықтық мемлекет қалыптастыру және дамыту ісіне зор үлес қосты.

Сонымен қатар, ол елдің саяси және қоғамдық өмірінде елеулі із қалдырған «Әділет» партиясын құрды. Еңбегі үшін республиканың жоғары наградаларымен марапатталды.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы М.Нәрікбаевтың есімі мен еңбегін ұмытпайтынын айтты. 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар
Барлық баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар