Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

27 мамыр 2014
Қазақстан Президенті Литва Республикасының Президенті Даля Грибаускайтеге президенттік лауазымға қайта сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады

 

Мемлекет басшысы құттықтауын Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан жолдады.

Нұрсұлтан Назарбаев Даля Грибаускайтенің көшбасшылық мол тәжірибесі Литваның дамуына айтарлықтай серпін беретіндігіне сенім білдірді.

«Сіздің қайта сайлануыңыз достық және өзара түсіністік негізінде қалыптасқан екіжақты ынтымақтастықты әрі қарай нығайтуға септігін тигізетініне кәміл сенемін», - делінген жеделхатта.

Соңында Қазақстан Президенті Литва Республикасының Президентіне зор денсаулық, қажымас қайрат, аса жауапты қызметте табыс, ал достас Литва халқына бірлік пен бақ-береке тіледі.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар
Барлық баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар