Жаңалықтар

23 қараша 2013
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Латвия Республикасының Президенті Андрис Берзиньшке Рига қаласындағы «Maxima» сауда орталығы төбесінің құлап түсуі салдарынан көп адамның қаза болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

 

Жеделхатта Мемлекет басшысының қайғылы жағдай туралы хабарды күйзеле отырып қабылдағаны атап өтілген.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы атынан және жеке өз атынан шын ниетпен көңіл айтып, қаза тапқандардың отбасылары мен туған-туыстарына, сондай-ақ барша Латвия халқына қайғыларына ортақтастығын білдірді.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар
Барлық баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар