Жаңалықтар

8 сәуір 2013
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Премьер-Министрі Дэвид Кэмеронға осы елдің бұрынғы Премьер-Министрі Маргарет Тэтчердің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

 

Жеделхатта Мемлекет басшысының М.Тэтчердің қайтыс болғаны туралы хабарды терең күйзеліспен қабылдағаны айтылған.

Нұрсұлтан Назарбаев оның Біріккен Корольдіктің дамуына және гүлденуіне орасан зор үлес қосқан ірі саяси қайраткер әрі дана тұлға ретінде дүние жүзіне танымал болғанын атап өткен.

«Тэтчер ханыммен өткізген кездесулерімді әрдайым жылылықпен еске аламын және бұл жүздесулер елдеріміз арасындағы достық пен әріптестік қарым-қатынастардың негізі болып табылатынын сенімділікпен айта аламын», делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысы осындай сын сағатта қайғыға ортақтаса отырып, Қазақстан халқы және өз атынан М.Тэтчер отбасына және достас Ұлыбритания халқына шын ниеттен көңіл айтты.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар
Барлық баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар