National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Республикасы Президентінің туған күніне орай бірқатар мемлекет басшыларынан құттықтаулар келіп түсті

2014 жылғы 10 шілде

 

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің құттықтауында Қазақстан тарихындағы әлеуметтік, экономикалық және сыртқы саясат саласындағы айрықша табыстармен есте қалатын тұтас бір дәуірдің Нұрсұлтан Назарбаев есімімен тығыз байланысты екені айтылған.

«Ресей-Қазақстан достық қарым-қатынасы дамуының табанды жақтаушысы ретінде Сіз елдеріміз арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты нығайтуға жеке зор үлесіңізді қосып келесіз. Еуразиялық одақ жөніндегі Сіздің көреген идеяңыздың жүзеге асуының шын мәнінде дәуірлік маңызы бар», – делінген құттықтауда.
 
Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин өз құттықтауында Қазақстан Президентінің қолдауымен Шанхайда АӨІСШК IV саммиті табысты өтіп, оның құрылым жұмысының жаңа кезеңге шығуына септігін тигізгенін  атап өткен.

«Қазақстан-Қытай қарым-қатынасының дамуын жоғары бағалаймын, Сізбен арамызда орныққан іскерлік қарым-қатынас пен берік достықты қадірлеймін, тығыз байланысымызды одан әрі жалғастыру ниетіндемін», – делінген құттықтау хабарламасында.

Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенконың құттықтауында Қазақстанның игілігі мен өркендеуі жолындағы Нұрсұлтан Назарбаевтың жан-жақты қызметі мен қажырлы еңбегі аса зор құрметке лайықты екені атап өтілген.

«Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы Сіздің ұсынысыңыз нақты жүзеге асты. Бұл қадам Белорусь-Қазақстан стратегиялық серіктестігін нығайтады және экономикалық әлеуетімізді, азаматтардың әл-ауқатын арттыру мақсатында достас елдеріміздің тиімді өзара ықпалдастығы үшін бұдан да қолайлы жағдайлар туғызатынына күмән жоқ», – дейді А.Лукашенко.

Мемлекет басшысына Өзбекстан Республикасының Президенті Ислам Каримов өз құттықтауын жолдады, онда мемлекет және қоғам құру саласындағы Қазақстанның қол жеткізген табыстары, сондай-ақ халықтың бақуат тұрмысын қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды әлеуметтік-экономикалық реформалар Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты екені айтылған.

«Ғасырлардан тамыр тартатын достыққа, тату көршілестікке және өзара құрметке негізделген Өзбекстан-Қазақстан ұзақмерзімді стратегиялық қарым-қатынасының аясы халықтарымыздың мүддесі, өңірдегі бейбітшілік пен тұрақтылық жолында алдағы уақытта да барған сайын кеңейіп, тереңдей беретініне сенімдімін», – делінген құттықтау мәтінінде.

Қазақстан Президентінің атына сондай-ақ Украина Президенті Петр Порошенкодан құттықтау келіп түсті, онда Қазақстан мен Украина бірлескен күш-жігер арқылы екіжақты ынтымақтастықтың ілгері қарай дамуын, сондай-ақ халықаралық аренадағы өзара тиімді ықпалдастықты қамтамасыз ететіні айтылған.

«Украинада біздің мемлекеттеріміздің халқын біріктіретін байырғы тарихи, мәдени және экономикалық байланыстар жоғары бағаланады. Украина мен Қазақстан арасындағы серіктестік қарым-қатынастарды одан әрі тереңдету достас екі елдің мүддесіне сай келеді», – делінген құттықтауда.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің