National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қызылорда облысының аграрлық сала өкілдерінің хаты

2015 жылғы 17 қазан

 

Авторлар өз хатында агробизнеске жасалған қолдау шараларының арқасында елдің агроөнеркәсіп кешені қарқынды дамып келе жатқаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтқан. Осындай қолдау нәтижесінде күріш өндірісінің көлемі мен мал басы айтарлықтай өскен. Сондай-ақ соңғы екі жылда ауыл шаруашылығы секторына салынған инвестиция көлемі 7,7 есеге ұлғайған.

Аграрлықтар күріш ору науқаны таяуда аяқталғанын, оның барысында 84 мың гектар алқаптың әр гектарынан 50,5 центнерден өнім алынғанын атап өткен. 

«Ел қамбасына 423 мың тонна күріш құйылды. Тәуелсіздік тарихындағы осы рекордтық көрсеткішке соңғы үш жыл бойы қол жеткізіліп келеді, – делінген хатта.

Соңында авторлар Мемлекет басшысының бастамаларын жүзеге асыру ісіне белсене қатысуға және елді одан әрі дамыту үшін бар күш-жігерлерін жұмылдыруға әзір екенін айтқан. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің