National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы атына Иордания университетінің ректоры, профессор Эхлейф Тараунеден хат келді

2014 жылғы 22 сәуір

 

Өз хатында Э.Тарауне «Қазақстан – 2050» Стратегиясындағы елдің болашақ дамуына деген көзқарасты зор қызығушылықпен зерделегенін айтады.  

«Бұл құжатта көрініс тапқан Сіздің жаңа идеяларыңыз көреген әрі инновациялық жоспарлармен толыға түскен, онда айқын әрі нақты мақсаттар қойылған. Инновациялық индустрияландыруға, ауыл шаруашылығына, ғылымға бейімделген экономикаға, энергияны тиімді пайдалануға және адами ресурстар үшін инвестиция жұмсауға ерекше көңіл бөле отырып,  Қазақстан қазіргі әлемде көптеген түйткілдерді шешудің өте жақсы үлгісін көрсетіп отыр. Бұл ретте халқының барлығы бірдей өсіп-өркендей алатын, жан-жақты дамыған қоғамда ғана экономикалық табыс мүмкін екені де назардан тыс қалмаған», – деп жазады автор.

Сондай-ақ,  профессор Стратегияның прагматизмі мен іскерлік рухы бүкіл әлемдегі көптеген адамның ынтасын оятуға тиіс деген пікірін білдірген.

«Осындай құжаттарды көптеген үкіметтер қабылдаса, тамаша болар еді. Стратегиямен танысу барысында мен баяндаудың айқындығы мен нақтылығына, сондай-ақ ғасыр ортасы таяп қалғаны дер кезінде қаперге салынғанына тәнті болдым. Бәріміз болашақтың бүгіннен басталатынын сезінуге тиіспіз», – делінген хатта.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің