Жаңалықтар

12 қазан 2015
Мемлекет басшысы Беларусь Республикасы Президентінің сайлауындағы жеңісіне байланысты Александр Лукашенкоға құттықтау жеделхатын жолдады

 

Жеделхатта белорус халқы А.Лукашенконың елді дамыту жолындағы саясатына тағы да сенім білдіргені атап өтілген.

«Беларусь бүгінде өз азаматтарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған бірегей әлеуметтік-экономикалық даму үлгісін табысты әрі жүйелі түрде жүзеге асыруда», – делінген құттықтауда.

Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ А.Лукашенконың қайта сайлануы Қазақстан-Беларусь қарым-қатынастарын жүйелі дамытудың және екі елдің ықпалдастығын ең алдымен Еуразиялық экономикалық одақ аясында тереңдете түсудің сенімді кепілі болып саналатынын айтты.

Соңында Қазақстан Президенті белорус көшбасшысына мықты денсаулық және табыс тіледі. 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар
Барлық баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар