Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

22 мамыр 2013
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарының Президенті Барак Обамаға Оклахома штатында болған жойқын торнадо салдарынан адамдардың өмірі қиылып, зардап шегуіне байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

 

Қазақстан Президенті жойқын торнадо салдарынан ондаған жанның өмірі қиылып, жүздеген адамның зардап шеккені туралы жайсыз хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын атап өткен.

«Осындай ауыр сәтте Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың отбасылары мен туған-туыстарына көңіл айтамын, сондай-ақ жараланғандардың тез арада сауығып кетулеріне тілектестігімді білдіремін», - делінген жеделхатта.  


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар
Барлық баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар